Каржы сауда лексикасы соңғы
336 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Long-term credit – Долгосрочный кредит – Ұзақмерзімді кредит Medium-term credit – Среднесрочный кредит – Ортамерзімді кредит «Naked» option – «Голый» опцион – «Жалаң» опцион Non-convertible / domestic/local currency – Замкнутая валюта – Тұйық/томаға-тұйық валюта On-call account – Онкольный счет – Онколдық шот Open account credit – Кредит по открытому счету – Ашық шот бойынша кредит Off-shore centres – Оффшорные центры – Оффшорлық орталықтар Participation loan – Долевой кредит – Үлестік кредит Payment without accept – Безакцептный платеж – Акцептісіз төлем Plastic card – Пластиковая карта – Пластикалық карта Price umbrella – Зонтик цен – Баға қолшатыры, баға бүркеніші Price formation – Ценообразование – Баға құралымы, баға түзілім Private norm credit – Кредитование по частному нормативу – Жекеше норматив бойынша кредиттеу Renewable credit – Возобновляемый кредит – Жаңармалы кредит Savings programme – Программа сбережений – Жинақ ақша бағдарламасы Self-financing – Самофинансирование – Өзін-өзі қаржыландыру Sliding price – Скользящая цена – Сырғымалы баға Soft currency – Мягкая валюта – Жұмсақ валюта Short-term investments – Кратокосрочные инвестиции – Қысқа мерзімді инвестициялар Term-bill, time-bill – Дата-вексель – Вексель-күн Target budgetary funds – Целевые бюджетные фонды – Мақсатты бюджеттік қорлар Тарауда қарастырылған 51 қаржы, банк терминінің 34-і ағылшын тілінен енген кірме сөз. Қалған 17-сі француз, неміс, латын, итальян, голланд тілдерінен әр кезеңдерде орыс тіліне қабылданған. Аталған терминдер орыс тіліне қабылдану кезінде біршама өзгерістерге ұшыраған. Негізгі өзгерістер – орыс тілінің фонемалық жүйесіне жат дыбыстарды сол тілдегі дыбыстармен алмастыруы, немесе басқа дыбыстардың қосындысы арқылы берілуі (Мысалы, орыс тілінің дыбыстық жүйесіне тән емес [ᴂ] дыбысының орыс тілінде е дыбысына ауысуы; [w] дыбысының в дыбысына ауысуы, ng
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==