Каржы сауда лексикасы соңғы

319 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қыр баласының мақаласында «түзулік» деген «түзіктіктің» фонетикалық нұсқасы кездеседі: «Орыс жазушысы М.Салтыковтың « Түзулік пен шошқа» атты мақаласы бар». « Түзулік » Сен күн бар дейсің, рас. Ия, мен көрмеген күнді сен қайдан көрдің?!» – деп, шошқа түзулікті балтырдан алған» (Қыр баласы. Ұят-ай! «Қазақ» газеті, № 54, 1914 жыл (Бөкейхан, 20 10 ). Бұл мысалдарда «түзулік» сөзін автор орыс тіліндегі «правда (шындық, әділдік, әділет)» сөзінің баламасы ретінде қолданған. Сол сияқты «Думаның көпшілігі осы түзулікті де бүктемеде қалдырды»; «Адам баласы сөзін жазып, тасқа басып сақтағанынан бері қанша түзулік , әділдік, жақсылық жол айтқан кітаптар жазылған...» деген сөйлемдерде де автор «түзулік» сөзін осы мағынада қолданады. Бұлтерминдікатаусолкезеңніңкөрнектіөкілі, ақынСұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларында да кездеседі: «Уау, молда, түзулікті айт Құдай үшін», – деп жазады ақын (Қамар сұлу, 2009: 38). Тағы сондай заң саласының терминін төл сөзден алып жасаған тұлғалардың бірі Жақып Ақбаев жол сөзін «заң, құқық» терминдерінің орнына ұсынады. Алаш заңгері «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы» дегендегі жолдың тарихи мағынасын негізге ала отырып, историзмді құқық деген кірме сөзінің орнына ұсынып көлемді мақала жазады (Құл-Мұхаммед, 1996: 132). Ж.Ақбаевтың жол сөзін құқық мағынасында ұсынатындай жөн бар, неге десек, оның жолы «көше, даңғыл» мағынасынан бөлек, «әдет, ұстанатын дәстүр немесе жол» деген семасы көне дәуірлердегі сөздіктерде тіркелген, мысалы М.Қашқаридің сөздігінде солай жазылған. Құқық және заң кірме сөздерінің орнына ертеде төре термині де қолданылған. Ғ.Сапарғалиевтің пікірінше ертедегі түркілер құқық ұғымын өздері үшін ең қасиетті төрү деген сөзбен білдіріп, сол арқылы заңнын мәнін атап көрсеткен. Бұл термин объективті құқық ұғымын да, жеке заң ұғымын да білдірген. Осы мағынасында да, жеке заң ұғымын да білдірген (Сапарғалиев, 1994: 31). Төрү сөзі Орхон, Енисей ескерткіштерінде, Ж.Баласағұн мен М.Қашқариде, Кодекс Куманикуста, Төре бітігінде, т.б. кездеседі. Анадолы түріктері тіл реформасы кезінде көне төре терминін

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==